What the records say
- When
- 1932
- Kind
- Massacre
- Deaths
- 600
- Coordinates
- 46.00° N, 105.00° E
Placed at the country: the source names no closer place.
Кенжебек оқиғасы
“Кенжебек оқиғасы” (1932) – қытай қазақтарының бір тобы басынан кешірген қанды қырғын. Алтай аймағының Шіңгіл ауданына келген Қытай ұлығы Ма Дарын Моңғолияға барып мал сатып әкелгендердің мал-мүлкін қазынаға жидырып, өздерін түрмеге қамаған. “Өкімет салығын төлемей, қарсыласты” деген желеумен кейбір азаматтардың басын кесіп, төбеге, ағаш басына ілдірді. Бұған бұқара қатты кектенді.
From Kazakh Wikipedia, CC BY-SA · Read the article